Конкурстық негізде ұйымдармен 2023 жылға арналған балық ресурстарын жасанды өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде, ағымдағы жылдың 24 сәуірінде «Шығыс Универсал» ЖШС Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына 40 млн.данадан астам ақсаха балық түрлерінің дернәсілдерін жіберді.
Су айдындарын балықтандыру жұмыстарына Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының, жергілікті атқарушы органның, балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен ғылыми ұйымнан құрылған Комиссия және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Су айдындарын балықтандыру жұмыстарының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында аталған іс-шараға қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен азаматтар шақырылды.
Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын балықтандыру жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.