Каспий теңізінде итбалықтардың өлімі бойынша ақпарат

Каспий теңізінде итбалықтардың өлімі бойынша ақпарат
    2023 жылғы 17 сәуірде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы, Баутино ауылының маңындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында 3 өлі итбалықтың ұшасын тапты.
      Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, гидробиология және экология институты, қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.
       Қазіргі уақытта Гидробиология және экология институты тиісті сынамаларды алу жұмыстарын жүргізуде.
Каспий итбалықтарының өлу фактісі Маңғыстау облысының табиғат қорғау полициясында 2023 жылғы 17 сәуірде № 234 752 030 000 452 тіркелді. Осы іс шеңберінде итбалықтардың өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары белгіленетін болады.
       Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мен Қазгидромет өкілдері итбалықтар ұшасы табылған жерге шықты.
Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда.
       Ақпарат түсуіне қарай жаңартылатын болады.