«Уылдырық шашу-2023» балық қорғау акциясы

«Уылдырық шашу-2023»  балық қорғау акциясы

2023 жылғы 11 сәуірде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы Қонаев қаласының полиция қызметкерлерімен бірлесіп «Уылдырық шашу-2023» жедел-профилактикалық іс-шара шеңберіндегі рейд барысында, Алматы-Өскемен тас жолы оңтүстік бағыты 78 шақырым жерден «Газель» автокөлігін тоқтатты. 

Тексеру барысында, автокөліктен 1033,3 кг әртүрлі балықтарды заңсыз тасымалдап келе жатқаны анықталды.

Аталған дерек бойынша Қонаев қаласының полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Балық ресурстарына алдын ала келтірілген залал 6 431 283 теңге.

Рейдтік іс-шаралар жалғасуда