2023 жылғы 10 сәуір сағат 19:40-та Түпқараған ауданының балықшыларынан Форт-Шевченко қаласының маңындағы Каспий теңізінің жағасында каспий итбалығының 1 ұшасы табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, Қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, Экология және Полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының, Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, ветеринариялық инспекцияның, Қазгидрометтің және Маңғыстау облысы бойынша ветеринариялық станция қызметкерлерінің өкілдерінен тұратын жұмыс тобы ұша табылған орынға шықты.
Ұшалар табылған жерге келгеннен кейін 10 итбалықтың ұшасы (оның ішінде 6 күшік) және бекіре тұқымдас балықтардың 1 ұшасы табылды.
Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті мен Қазгидромет зерттеу үшін су сынамаларын алды, өлі итбалықтардан сынамаларды алуды Гидробиология және экология институты жүргізеді.
Ұшалардың денесін визуалды тексеру кезінде механикалық зақымдану белгілері байқалмайды.
Ақпарат түсуіне қарай жаңартылатын болады.