
Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығымен 1 наурыз бен 31 мамыр аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы бойынша балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізу бекітілді. Аталған акция тасталған балық аулау желілерінен су айдындарын тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондай-ақ сондай-ақ балық ресурстарын сақтау және балықтардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өткізіледі.
Өңірлердің ауа райы-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы ағымдағы жылдың 1 наурызында, ал Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында ағымдағы жылдың 15 сәуірінен басталады.
Су қоймаларын тазарту бойынша күн сайынғы іс-шараларды өткізу нәтижесінде 31 наурызға дейін жалпы республика бойынша су қоймаларынан 100 данадан астам иесіз ау құрадары алынды, полигондарға 30 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Акция өткізуге 412 адам, 20 жүзу құралы, 43 бірлік автомашина мен жүк көлігі құралдары жұмылдырылды.
«Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы жалғасуда.