Қызыл кітапқа енген балық түрлері мен каспий итбалықтарын ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында алу туралы

Қызыл кітапқа енген балық түрлері мен каспий итбалықтарын ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында алу  туралы

2023 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген тәртіппен:

1) ен салуға және ғылыми зерттеулер үшін каспий итбалығының кейіннен табиғи мекендеу ортасына жіберетін дарағын;

2) ғылыми зерттеулер мақсаттарда, оның ішінде жөндеу-аналық табындарды қалыптастыру және оларды кейіннен жасанды жолмен молықтыру үшін арал  пілмайын, арал қаязын және сібір бекіресін алып қоюға рұқсат етілді.

Бұл жұмыстар Қызыл кітапқа енген балық түрлерімен және басқа да су жануарларының қорларынзерттеу және қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

Үкіметтің қаулысы 2023 жылдың 31 наурызында заңды күшіне енеді.

Үкімет қаулысының толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/documents/details/445421?lang=ru

 

Ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында алу рұқсатты elicense.kz. сайттан алуға болады.

 Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

* ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің электрондық көшірмесі

* ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары;

* есептеулердің электрондық көшірмесі, болжамды негіздеу, жануарлар дүниесі объектілерін алып қою көлемі;

* бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар жағдайында).