«OstFish» бекіре өсіру шаруашылығы

«OstFish»  бекіре өсіру шаруашылығы
Еліміздің балық шарушылығын дамыту ерекше қарқын алды. Мемлекет басшысыда балық шаруашылығы саласына аса мән беріп, дамытудың маңызы зор екенінде атап өткен болатын. Бүгінде мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп, балық шаруашылығымен айналасуға ниетті шаруашаларға субсидия бөлінуде.
Осындай шаруашылықтың бірі Саратовка ауданы, Ұлан ауданында орналасқан «OstFish» шаруашылығы. Шаруашылық бекіре балығын өсірумен айналысады.
Кәсіпорын механикалық, биологиялық фильтрленген таза артезиан суында үш модульді арнайы тұйық сумен қамтамасыз етілген жүйеде іске қосылған. Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаттылығы бекіре балығына 45 тонна, ал уылдырығына 4 тоннаны құрайды.
Шаруашылық өткен жылы балық уылдырығын жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дернәсілдерді өсіру үшін арнайы инкубациялық цехті іске қосып, бүгінде алғашқы балық шабақтарын алған.
Алдағы уақытта еліміздің барлық аумағында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлер саны артатыны сөзсіз.
📌Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2023 жылға балық шаруашылығы субъектілеріне акваөсіру өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында, жергілікті бюджеттен 188, 9 млн. тг., инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін республикалық бюджеттен 547,4 млн. тг. қаражат көзделген.