Каспий итбалығы – Каспий теңізі фаунасындағы сүтқоректілердің жалғыз өкілі.
Каспий экожүйесінде ерекше рөл атқаратын, су экожүйесінде трофикалық тізбектің соңғы тармағы бола отырып, теңіздің бүкіл акваториясында мекендейтін және теңіздің жай-күйінің индикатор болып табылатын эндемик.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2020 жылғы
9 қарашада каспий итбалығы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізіміне енгізілді.
Бұл түрдің биологиялық ерекшеліг - тіршілік ету ортасының маусымдық өзгергіштігі. Бұл ретте, каспий итбалықтарына түлеуі және күшіктеуі (көбею) үшін солтүстік Каспийдің тек қазақстандық және ресейлік секторында қалыптасатын мұз жамылғысы қажет екенін атап өткен жөн. Сондықтан Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі осы түрді сақтауда маңызды рөл атқарады.
Осыған байланысты, каспий итбалықтарының популяциясын сақтау мақсатында Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев мемлекеттік табиғи резерват құруды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мемлекеттік табиғи резерват құрудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасын әзірледі, оның негізінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленетін болады.
Мемлекеттік табиғи резерват 2024 жылдың екінші жарты жылдығында құрылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері каспий итбалықтарының қорғау іс-шараларын және мониторингін жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Инспекция қызметкерлері әуе көлігін (тікұшақ) пайдалана отырып, Қазақстандық қолданбалы экология агенттігінің ғылыми қызметкерлерімен (зоолог, орнитолог) бірлесіп, теңіз акваториясын шаралау жұмысын атқарды.
Ұшу кезінде 2 мыңнан астам ересек дарақтар және 40-қа жуық итбалық күшіктері (балалары) байқалды. Айта кету керек, жаппай күшіктеу мерзімі ақпанның бірінші жартысында күтіледі.
Бұдан басқа, 2023 жылғы 30 қаңтарда Инспекция қызметкерлері күшіктеу кезеңінде жануарлардың жай-күйін бақылау мақсатында «Құлалы» аралына жақын орналасқан әуе жастықшалы кемелерді пайдалана отырып, олардың шоғырланған жерлеріне шығу жұмыстарын жүзеге асырды, онда 100-ге жуық ересек дарақтар және 5 итбалық күшіктері тіркелді.
Жануарлардың жағдайы қанағаттанарлық, ауру және баяу жануарлар табылмады, негізгі өмірлік рефлекстері сақталған, адамдарды көргенде ересек дарақтары мұз қабатынан кетуге тырысты, мұз үстінде және су айдынында белсенді қозғалуда.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап ресейлік ғалымдармен бірлесіп каспий итбалығы популяциясының жай-күйіне мониторингтік зерттеулер жүргізілуде. Мониторингтік зерттеулер мыналарды қамтиды:
Осылайша, 2022 жылы жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша популяция саны 311 мыңға жуық дарақты құрады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша жұмыстар және каспий итбалықтарының жай-күйіне мониторингтік зерттеулер жалғасуда.
***