Бұқтырма су қоймасының резервтік учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты қайта өткізу туралы

Бұқтырма су қоймасының резервтік учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты қайта өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2022 жылғы 9 желтоқсанда сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) Бұқтырма суқоймасының резервтік учаскесін бекіту бойынша конкурс өтетінін хабарлайды.
 
Конкурс ҚР АШМ 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/425 бұйрығымен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес өткізілетін болады.
 
Кәсіптік балық аулауды жүргізу үшін Бұқтырма суқоймасының келесі учаскелері қойылады :
1) № 14 учаске; бастапқы бағасы 306 300 теңгені құрайды; кепілдік жарна 45 945 тг.
2) № 15 учаске; бастапқы бағасы 306 300 теңгені құрайды; кепілдік жарна 45 945 тг.
3) № 19 учаске; бастапқы бағасы 306 300 теңге; кепілдік жарна 45 945 теңге.
 
Конкурсқа шығарылатын учаскелер 5 жыл мерзімге кәсіптік балық аулау мақсатында бекітілетін болады. Конкурсқа қатысу үшін алдымен веб-порталда келесі ақпараттарды көрсете отырып тіркелу қажет (www.gosreestr.kz):
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, факсы, e-mail).
 
Өтінім Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Сондай-ақ қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарна енгізеді.
 
Кәсіптік балық аулау мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
 
 салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
 
конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы.
 
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі негізгі құралдардың, Технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың меншік құқығында болуы туралы анықтама* осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (әуесқойлық (спорттық) балық аулау және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелерді қоспағанда);
 
аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерінің даму жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (электрондық көшірме)
 
Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2022 жылғы 25 қараша мен 9 желтоқсан аралығында сағат 9.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) жүзеге асырылады.
☎️Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-02-98, 8 (702) 626 32 56, 8 (7182) 65-02-58, 8 (771) 516 46 64