ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІ ЖӘНЕ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІ ЖӘНЕ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Елеулі жетістіктері мен елімізге сіңірген айрықша еңбегі үшін Балық шаруашылығы комитетінің ардагері Қадырбек Нагимұлы Искалиевке «Құрмет» ордені және төраға орынбасары Аян Қайратұлы Бахиянов пен Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры Ғилман Әміржанұлы Сарсемалиевке «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді.

Әріптестерімізді мемлекеттік наградаларымен құттықтаймыз. Тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында жұмыстарыңызға табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.