2006 жылдан бастап Каспий маңы мемлекеттері 12 тамызда қоғамның назарын оның экологиялық проблемаларына аударуға бағытталған Каспий теңізінің Халықаралық Күнін атап өтеді.
Каспий күнін белгілеу Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан қол қойған Каспий теңізі мен қоршаған ортаны ластанудан қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенцияның күшіне енуімен байланысты.
Осы Конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасы теңіздің биологиялық ресурстарын сақтау жөнінде қажетті шаралар қабылдауда. Мәселен, жыл сайын Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде бюджеттік бағдарлама шеңберінде кәсіптік балық түрлері популяцияларының ағымдағы жай-күйін, олардың мекендеу жағдайларын, жемшөп базасының жай-күйін, кәсіпшіліктің серпіні мен үрдістерін зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылады.
Ғылыми зерттеулер деректерінің негізінде Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын шамадан тыс алып қоюдың алдын алу мақсатында оларды аулау лимитін жыл сайын бекітеді.
Бұдан басқа, кәсіпшіліктің қолайсыз әсері балық ресурстарын алу мерзімдері бойынша шектеулер енгізумен ескертіледі. Мәселен, Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясында балық аулауға тыйым салу кезеңдері белгіленген, бұл уылдырық шашу кезеңінде балықтардың алып қойылуын болдырмауға арналған.
Сонымен қатар, жыл сайын бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде табиғатты қорғау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері балықтардың, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашу орындарына қоныс аударуын қамтамасыз ету мақсатында балықтың заңсыз аулануы мен айналымына қарсы іс-қимыл бойынша күш-жігерін біріктіреді.
Сондай – ақ, Қазақстан Каспий теңізінің бірегей эндемикасы-Каспий итбалығын сақтау бойынша шаралар қабылдауда. 2020 жылы Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Бұл Каспий итбалығының популяциясын сақтауға ықпал ететін қосымша шара, сондай-ақ болашақта ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру үшін маңызды дәлелдердің бірі болып табылады.
2014 жылғы 29 қыркүйекте Астрахань қаласында өткен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының төртінші саммиті барысында 2016 жылғы 24 мамырда күшіне енген Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қойылғанын атап өткен жөн.
Сонымен қатар, 2018 жылы Қазақстандағы кездесулердің бірінде Каспий маңы мемлекеттері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенцияны қабылдады, ол да осы бірегей теңіздің биологиялық ресурстарын сақтауға бағытталған.
2022 жылғы 29 маусымда Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы Каспий саммиті өтті, олар өзара қызығушылық тудыратын Каспийдегі бесжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.
Осылайша, Каспий саммиттерінің тұрақты сипаты Каспий теңізіндегі ынтымақтастықтың басымдықтарын айқындауға және белгіленген мақсаттарды іске асырудың жалпы тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті барлығын Каспий күнімен құттықтайды!
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті