Мемлекеттік қызметшілердің превенциясы және парасаттылығы

Мемлекеттік қызметшілердің превенциясы және парасаттылығы

 

Бүгін ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Бахиянов А.Қ., Атырау облысы әкімдігі Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Сәдібекұлы А. және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің әкімшісі Рахматулин А.Р. қатысуымен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұжымымен «Мемлекеттік қызметшілердің превенциясы және парасаттылығы» тақырыбында жиналысы өтті.

Сонымен қатар, кездесуге табиғат қорғау прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.

Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу маңыздылығына ерекше көңіл аударылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, пара алу және беру үшін жауапкершілік жүйесі туралы айтылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартарды қалыптастыру және сақтау, инспекторлық құрамның тарапынан әдеп мінез-құлықтарының нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнекөрініс көрсетіліп, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлескен іс-қимыл жасай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылатын шаралар талқыланды.