Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы болып Нұрлыбек ҒАЙСИН тағайындалды

Бос лауазымға орналасуға арналған конкурс нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен Ғайсин Нұрлыбек Асылбекұлы Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы болып тағайындалды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Нұрлыбек Ғайсин 1971 жылы 2 тамызда Атырау облысында дүниеге келген. Мәскеу әлемдік экономика және қаржы институтын "заңгер"мамандығы бойынша бітірген.

Балық шаруашылығы саласында 1995 жылдан бастап жұмыс істейді, еңбек жолын балықшы балық қорғау инспекциясының мемлекеттік инспекторы лауазымынан бастаған.