
2026 жылдың 22 сәуір күні сағат 07:22 мөлшерінде Көкпекті балық инпекциясы бөлімінің қызметкерлері, Көкпекті ауданы бойынша табиғат қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері, Көкпекті ауданы бойынша жедел қимыл отрядының мамандары және Охотзоопром инспекторларымен уылдырық шашу кезеніңде бірлескен рейдттік іс-шара барысында – Жайсан көлінін Солтүстік батыс жыл бойы балық аулаға тыйым салынған аймақтын Мацко (Үшкөмей) телімінің жағасында үрлемелі рәзіңке қайықпен балық аулап жағаға шыққан кезінде Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, тұрғыны 16.08.1990 жылы туған Қ.Е. есімді азамат ұсталды. Ұсталу барысында үрлемелі рәзіңке қайықтың ішінде заңсыз ауланған әр түрлі балық салынған 3 дана қап болғаны анықталды. Балықтың жалпы салмағы - 88,3 кг., табан - 44,6 кг., көксерке - 43,7 кг. Балық қорына келген залал – 484 292 теңгені құрайды. ҚР ҚК 335 б. 3 т, қылмыстық іс қозғалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3 тармағына сәйкес, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулағаны үшін жасалған іс-әрекеттер үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.