КОНКУРС

КОНКУРС
2026 жылдың 14 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша 10:00 Маңғыстау облысы бойынша Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі Конкурс болатыны туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы хабарлайды.
📍 Конкурсқа келесі су айдындары жарияланады:
Түпқараған ауданы:
1. Каспий теңізінің № U3-1 учаскесі. Ауданы – 100 га.
2. Каспий теңізінің № U4-2 учаскесі. Ауданы – 100 га.
3. Каспий теңізінің № U4-3 учаскесі. Ауданы – 100 га.
4. Каспий теңізінің № U5-2 учаскесі. Ауданы – 100 га.
5. Каспий теңізінің № U5-3 учаскесі. Ауданы – 100 га.
6. Каспий теңізінің № U6-1 учаскесі. Ауданы – 100 га.
7. Каспий теңізінің № U6-3 учаскесі. Ауданы – 100 га.
8. Каспий теңізінің № U7-2 учаскесі. Ауданы – 100 га.
9. Каспий теңізінің № U7-3 учаскесі. Ауданы – 100 га.
10. Каспий теңізінің № U7N-2 учаскесі. Ауданы – 100 га.
11. Каспий теңізінің № U7N-3 учаскесі. Ауданы – 100 га.
12. Каспий теңізінің № U11N учаскесі. Ауданы – 100 га.
Учаскелердің координаты және паспорттары www.e-Qazyna.kz порталына салынды.
Өтінімдерді қабылдау аяқталу күні 14.05.2026 09:55 жергілікті уақыт бойынша.
Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мерзімі 10 жыл.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 313 «Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығыңа сәйкес өтеді.
Жасанды балық шаруашылығы су айдындарын бекіту конкурсы – конкурс жеңімпазына балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру мақсатындағы сауда нысаны, мұнда жеңімпазды айқындаудың басты өлшемі қатысушылар ұсынған баға болып табылады.
Кепілдік жарна: ₸ 432 500,00
Бастапқы баға: ₸ 129 750,00 – 100 га.
Саудаға қатысу үшін кепілдік жарнаны төлеу тәсілдері www.e-Qazyna.kz порталында көрсетілген.
🖥 Қатысу үшін алдымен www.e-Qazyna.kz порталында барлық қажетті ақпаратты (ЖСН/БСН, Т.А.Ә., байланыс ақпараты, банктік деректемелер және т.б.) көрсете отырып, тіркелу қажет.
📞 Ақпарат үшін телефон: 8-701-995-95-87