
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) Жайық өзенінің резервтік учаскесін бекіту бойынша конкурс өтетінін хабарлайды.
Конкурс ҚР АШМ 2025 жылғы 22 қазандағы № 393 бұйрығымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес өткізілетін болады.
Іле өзені атырауының келесі учаскелері конкурсқа қойылады:
Конкурсқа шығарылатын учаскелер 10 жылға дейінгі мерзімге әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында бекітілетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін алдымен веб-порталда келесі ақпараттарды көрсете отырып, тіркелу қажет (https://e-qazyna.kz/):
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, e-mail).
Өтінім Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Сондай-ақ, қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарна енгізеді.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
2) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген конкурсқа қатысушылар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (электрондық көшірме).
Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2026 жылғы 29 сәуір мен 15 мамыр аралығында сағат 10.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) жүзеге асырылады.
Анықтама телефондары:
8 (7172) 74-78-45, 8 (7172) 74-78-46, 8 (7122) 21-23-88.