Түркиядағы ұсақ ауқымды аквашаруашылықты балық өсіру материалымен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік семинар

Түркиядағы ұсақ ауқымды аквашаруашылықты  балық өсіру материалымен қамтамасыз ету жөніндегі  өңірлік семинар

2026 жылғы 6 ақпанда Түркияда (Анталия қаласы) Орталық Азия мен Кавказда балық аулау және аквашаруашылық жөніндегі Өңірлік комиссия семинары өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы С. Сермағамбетов қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар балық өсіру материалын өндіру мен бөлудің техникалық негіздерін, су генетикалық ресурстарының әлемдік ахуалын, еуропалық елдердің практикалық тәжірибесін, сондай-ақ ФАО-ның қосылған құн тізбектерін бағалау жөніндегі негіздемелік бағдарламасын қарастырды.

Сауалнама нәтижелері негізінде елдердің өкілдері ұлттық баяндамаларын ұсынды. Семинар қорытындысы бойынша CACFish шеңберіндегі ынтымақтастықты және бірлескен жұмысты одан әрі дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.