
2026 жылғы 5 ақпанда Анталия қаласында екі ірі халықаралық іс-шара өтті. Олар су биоресурстарын өсіру жөніндегі 11-ші ғылыми-практикалық семинар және Аквакшаруашылық саласындағы 1-ші халықаралық көрме. Алғаш рет семинар көрме алаңымен біріктіріліп, бұл қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды едәуір кеңейтуге және ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.
Бағдарлама аясында аквашаруашылық саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына арналған панельді және пленарлық отырыстар, заманауи технологиялардың таныстырылымдары, сондай-ақ халықаралық байланыстар мен кооперацияны дамыту мәселелері бойынша пікірталастар өтті.
Іс-шараға ғылыми қауымдастық, бизнес, инвесторлар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Көрме аймағында әртүрлі елдердің компаниялары өз шешімдері мен әзірлемелерін ұсынды, Қазақстан Республикасынан «Алтай форелі» ЖШС-нің өкілі қатысты (Шығыс Қазақстан облысы).
«Алтай форелі» ЖШС мен «Гранд Фиш» ЖШС серіктес компаниялар болып саналады және 2017 жылдан бері Өскемен су қоймасында бахтах өсіру жобаларын табысты жүзеге асырып келеді. Жұмыс барысында команда бахтах шаруашылығы жобаларын іске асыру мен басқару саласында айтарлықтай практикалық тәжірибе жинақтады.
Бүгінгі күні компаниялар тұрақты өндірістік қызметі және орнықты қаржылық-экономикалық көрсеткіштерімен ерекшеленеді, кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейі мен басқару тиімділігін дәлелдей отырып, Қазақстандағы аквашаруашылық саласындағы көшбасшылардың қатарына кіреді.