Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасы С.С. Сермағамбетовтың Алматы облысына жұмыс сапары барысында аквашаруашылық саласына сапалы жем өндіретін және оны 70-тен астам елге экспорттайтын Aller Aqua компаниясының бас директоры Андерс Бюллингпен кездесті.
Іс-шараға Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының және Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшылығы, шетелдік және отандық инвесторлар, Алматы облысының әкімдігі, сондай-ақ кәсіпорын басшылары қатысты.
Кездесу барысында Алматы облысының аумағында заманауи жем зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру, балық шаруашылығын дамыту, өндірістік қуаттарды арттыру, экспорттық әлеуетті күшейту және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Кездесу нәтижесінде тараптар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылық комитеті, Алматы облысының әкімдігі, Aller Aqua компаниясы және жауапкершлігі шектеулі серіктестік «ТМТ Group» өзара Ынтамақтастық туралы Меморандумға қол қойды.