Астана қаласының Есіл өзеніне 237 мыңнан астам ақ амур шабағы жіберілді.

Астана қаласының Есіл өзеніне 237 мыңнан астам ақ амур шабағы жіберілді.
Жыл сайынғы балықтандырудың мақсаты — табиғи су айдындарындағы балық қорын сақтау және оны тиімді пайдалану, сондай-ақ қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау. Бұл жұмыстардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында жүзеге асырылуда.
2025 жылғы 11 қазанда «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында Есіл өзенін балықтандырудың екінші кезеңі барысында орташа салмағы 10 грамм болатын 237 мыңнан астам ақ амур шабағы жіберілді.
Осылайша, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Есіл өзенін балықтандыру 100% орындалды.
Жалпы, мемлекеттік тапсырыс щеңберінде 2025 жылы 21,5 млн.нан астам бағалы балық түрлерінің шабақтары өсіріліп, шығарылды.