Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Балық ресурстары және басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасы «Ашық НҚА» ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15581952.
Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.