Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Акваөсіруді дамыту

Акваөсіруді дамыту

 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында балық шаруашылығына ерекше мән берген жөн екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдады (Үкіметтің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысы).

Бүгінгі таңда балық өсірумен 502 балық өсіретін шаруашылық айналысады, оның ішінде:

- 364 көл-тауарлық балық шаруашылығы;

- 93 тоған шаруашылығы;

- 27 тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтары;

- 18 УЗВ және бассейндік шаруашылықтар.

2023 жылдың қорытындысы бойынша өсірілген балықтың жалпы көлемі 17,1 мың тоннаны құрады (2020 ж. – 6 798 тонна, 2021 ж. – 7 347 тонна, 2022 ж. – 13 287 тонна).

Негізінен балықтың тұқы (тұқы, дөңмаңдай, амур), албырт (форель), бекіре тұқымдас балықтар, африкалық сом, шаян тәрізділер (асшаяндар) өсіріледі.

Бүгінгі таңда балық шаруашылығы субъектілерін субсидиялау нысанында балық шаруашылығы мен жемшөп өндірісіне салынған инвестициялардың 25%-(Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығы), азық сатып алу кезіндегі шығыстардың 30%, балық өсіру-биологиялық негіздемені, балық отырғызу материалы мен дәрілік препараттар және бағалы балық түрлерінің жөндеу-аналық табынын сатып алуға жұмсалған шығыстардың 50% өтеу бөлігінде қолдаудың қаржылық шаралары бар (Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығы).

АШМ-нің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 184 бұйрығымен Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларына (АШМ-нің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығы) АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру кезінде бюджеттік кредиттеуді көздеу бөлігінде өзгерістер енгізілді:

1) қуаттылығы жылына 25 тоннадан басталатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтары;

2) өңдеу, одан әрі терең өңдеу және сақтау, өндірістік қуаты тәулігіне 1 тоннадан басталатын балық өңдеу кәсіпорны.

Бұл өзгерістер 2024 жылғы 22 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді. Сондықтан бүгінгі таңда балық шаруашылығы субъектілерінің балық шаруашылығы саласындағы тиісті жобаларды іске асыру мақсатында сенім білдірілген агенттер арқылы 2,5% жеңілдікті мөлшерлемемен, 10 жылға дейін кредиттер алуға мүмкіндігі бар. Қарыздың ең жоғары сомасы - 5 млрд теңгеге дейін.

Балық өсірумен айналысатын субъектілер үшін Салық кодексіне сәйкес арнайы салық режимі қолданылады, ол бойынша салықтар 70% - ға төмендетілді.

Балық шаруашылығы саласына инвестициялар кезінде салық жеңілдіктері мен преференциялары бар арнайы экономикалық аймақтар аумағында жер учаскелері беріледі.

Бұдан басқа, заңнамалық деңгейде мынадай шаралар қабылданды:

- балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын балық шаруашылығынан ауыстыру ережесі бекітілді;

- балық шаруашылығын жүргізу үшін 49 жылға шарт жасасудың нақты мерзімі белгіленді;

- даму жоспарлары шеңберінде балық өсірушілерге қойылатын артық талаптар алынып тасталды.

- бизнес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде балық өсіру шаруашылықтарын салу кезіндегі шығындарды өтеуден босатылды;

- су қорғау белдеуінде балық өсіретін тоғандар мен бассейндерді орналастыру бойынша шектеулер алынып тасталды;

- кәсіптік балық аулау субъектілеріне бекітілген су айдындарында тор шаруашылығын ұйымдастыру құқығы берілді;

- бір тоғанның және (немесе) бассейннің су айнасы алаңы 0,15 гектардан аспайтын балық өсіру тоғандары мен балық өсіру бассейндерін салу кезінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жөніндегі талаптар алынып тасталды.

Балық шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында 2024 жылғы 6 сәуірдегі бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде қолданыстағы Заңдар мен кодекстерге түзетулер енгізілді:

- балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды енгізу;

- акваөсіруді мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде қарсы міндеттемелер тетігін көздеу;

- балық шаруашылығы саласында инвестициялық жобалар болған кезде су айдындарын конкурс өткізбей бекіту;

- су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын айқындамай, сондай-ақ оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілемей балық өсіру шаруашылықтарын орналастыру және оларға қызмет көрсету үшін су объектісінің жағалау сызығынан бес жүз метр шегінде орналасқан жер учаскелерін беру;

- бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне балық шаруашылығын күрделі құрылыссыз жүргізу үшін іргелес жатқан жер учаскелерінде оларға қызмет көрсету бойынша коммуникациялар салуды қоса алғанда, балық өсіру объектілерін орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне сауда-саттықты (аукциондарды) өткізбей құқықтар беру;

- балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізу үшін мемлекет меншігіндегі жерлерді резервке қою;

- ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде акваөсіруді жүргізуге байланысты объектілер салуға жол беру;

- шаруа немесе фермер қожалығын және акваөсіру қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілер салынған кезде және шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кезде мұндай жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту талап етілмейді.

Заңды іске асыру шеңберінде заңға тәуелді құқықтық актілердің тиісті жобалары әзірленді, олар белгіленген тәртіппен қабылданатын болады.

Бұдан басқа, «Акваөсіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң жобасы) жобасы шеңберінде акваөсіру субъектілеріне су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауды енгізу, акваөсірудің дамуын мониторингтеудің ақпараттық жүйесін құру және енгізу, еңбек өнімділігін өтеусіз негізде арттыруды ынталандыру үшін акваөсіру саласындағы инвестициялық жобаларды ғылыми сүйемелдеу тетігін енгізу жөніндегі нормалар көзделген.

Заң жобасы 2023 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді. Бүгінгі таңда жұмыс тобының 11 отырысы өткізілді, оның барысында заң жобасының нормаларын белсенді талқылау жүргізілуде.

Балық шаруашылығын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралардың арқасында бизнес субъектілері арасында іскерлік белсенділіктің артуы байқалады, жыл сайын балық саласына инвестициялардың өсуі байқалады. Мысалы, 2021 жылы – 6,2 млрд.теңге, 2022 жылы – 10,4 млрд. теңге, ал 2023 жылы инвестиция көлемі шамамен 22 млрд. теңгені құрады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы