"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында 2025 жылғы 3 шілдесінде экономика және қаржы бөлімінің мамандары "Таза бейсенбі " сенбілігіне белсенді қатысты. Іс-шара жағалау аймағын тұрмыстық қоқыстардан абаттандыруға және тазартуға, сондай-ақ экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған. Сенбілікке қатысушылар қоршаған табиғаттың тазалығы үшін жеке жауапкершілікті көрсете отырып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты.