"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында 2025 жылғы 4 маусымда экономика және қаржы бөлімінің мамандары "Таза жағалау" сенбілігіне белсенді қатысты. Іс-шара жағалау аймағын тұрмыстық қоқыстардан абаттандыруға және тазартуға, сондай-ақ экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған. Сенбілікке қатысушылар қоршаған табиғаттың тазалығы үшін жеке жауапкершілікті көрсете отырып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты. Мұндай акцияларды өткізу экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен бірге ұжымды жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттар төңірегінде біріктіруге де ықпал етеді.