«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталды

ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға; неке, жанұяның жақсы жақтарын дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:

бірінші – аудандық (қалалық) кезең,

екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең.

Өтінімдерді (қажетті құжаттармен қоса), арнайы нысан бойынша,  аудандық (қалалық) комиссияларға 2023 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.

Толығырақ:

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000181

Конкурсты ұйымдастырушылар – ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.

Қосымша сұрақтар бойынша +7 702 405 4894.