Жастарды қолдау мәселелері талқыланды

Жастарды қолдау мәселелері талқыланды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп, Қызылорда қаласында Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысын өткізді.

ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймолдинов «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның негізгі новеллалары мен Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының негізгі бағыттары туралы айтты. Сондай-ақ, ЖРО басшыларына нақты KPI бекіту, жастарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын мақсатты аудитория, әсіресе NEET санатындағы жастар арасында күшейту қажеттігін атап өтті.

Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов өңірде іске асырылып жатқан жастарды қолдау бастамалары туралы хабардар етіп, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыруға, жас отбасыларға арналған «Сыр жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасын іске қосуға ерекше назар аударды.

«Жастар» ҒЗО өкілдері 2023 жылға арналған ЖРО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оқыту жобаларын таныстырды.

Еліміздің барлық өңірлерінің жастар ресурстық орталықтарының басшылары (түрлі салалар бойынша) жастардың өзекті мәселелерін талқылап, жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінің мүшелері Байқоңыр қаласындағы «Байқоңыр болашағы» жастар бастамаларын қолдау орталығының жұмысын, Қызылорда облысының ЖРО жұмыс тәжірибесін зерделеді. Облыстық ЖРО аумағында орналасқан әскери-патриоттық мұражай, «Кітап құрттары» кітап клубы, ақпараттық-талдау орталығы және IT-парк жұмысымен танысты.

Іс-шара соңында Жастар ресурстық орталықтары арасында Үздік ақпараттық материалдар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.