Жастар саясаты жөніндегі өңірлік кеңестер

Жастар саясаты жөніндегі өңірлік кеңестер

Өңірлер әкімдері жанындағы жастар саясаты жөніндегі өңірлік кеңестердің қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Жұмыс тобының құрамына ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің, «Жастар» ҒЗО, Жастар ресурстық орталықтарының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері кірді.

«Жастар» ҒЗО өкілдері Жастар ісі жөніндегі өңірлік кеңестердің ағымдағы қызметін талдау нәтижелерін ұсынып, өзекті проблемаларды атап өтті және жариялылық, ашықтық, транспаренттілік, гендер және инклюзивтілікке баса назар аудара отырып, кеңестердің ережелерін қайта қарау бойынша бірқатар ұсынымдар әзірледі.

Жұмыс тобының мүшелері Жастар ісі жөніндегі өңірлік кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстардың өзектілігін, яғни функционалды кеңейтудің маңыздылығын, әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, кеңестердің қызметін ақпараттық сүйемелдеуді күшейту қажеттігін  атап өтті.