Грант иегерлеріне арналған оқыту

Грант иегерлеріне арналған оқыту

«Zhas Project» жобасын іске асыру шеңберінде Алматы және Маңғыстау облыстарында шағын грант иегерлеріне арналған жобаларды басқару, жұмысқа орналастыру және басқа да маңызды дағдылар бойынша арнайы оқыту жүргізілуде.

Әр өңірден білікті жаттықтырушылар іріктеліп, олар дәріс тыңдаушыларды түрлі іс-шараларды ұйымдастыру, нысаналы топпен өзара іс-қимыл жасау бойынша дағдыларды дамыту; жұмыс іздеу кезінде кәсіби желіні, басымдықтарды дамыту мүмкіндігін зерделеуді үйретеді.

Сонымен қатар, жаттықтырушылар қатысушыларды сұхбаттасу процесімен толық таныстырады.

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.