«Zhas Project» жобасы бойынша баспасөз брифингі өтті

«Zhas Project» жобасы бойынша баспасөз брифингі өтті

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Zhas Project» жобасы бойынша арнайы баспасөз брифингі өтті https://youtu.be/17UFLU1PAkc 

Спикерлер ретінде ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов, ҚР АҚДМ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Құрман, «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов және Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының жетекшісі Динара Садвакасова сөз алды.

«Zhas Project» жобасы Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында пилоттық режимде жүзеге асып жатыр.
Жастардың бастамаларын қолдауға жалпы саны 250-ден астам шағын грант бөлінді.
Әрбір грант аясында нақты жобаны қаржыландыруға 1 миллион теңгеге дейін қаржы қарастырылған.
Гранттар конкурсына 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады.
Қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады.

Толық ақпарат: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/405471?lang=kk