Бала құқығы басты назарда

Бала құқығы басты назарда

Бала өмірі, бала хақы Ата заңмен қорғалады. Себебі еліміздің ең басты Ережесінің бірінші бабы да Қазақстанның басты байлығы адам және оның өмірі деп басталады.  Осыған байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығымен бірлесіп Бала құқығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Білім және ғылым, Ішкі істер министрліктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Талқылау барысында Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын және Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыстар қарастырылды.

Сондай-ақ сарапшылар балалар мен жасөспірімдер зорлық-зомбылығының болдырмау шаралары, ана мен бала мәселелерін, мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемалық мәселелерін талқылады.

Шара қорытындысы бойынша сарапшылар бірқатар ұсыныстар әзірледі. Бұл ұсыныстар алдағы уақытта жұмыс барысында іске асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға арнайы жіберіледі.