Жастардың психикалық денсаулығы туралы сараптамалық сауалнама нәтижелері ұсынылды

Жастардың психикалық денсаулығы туралы сараптамалық сауалнама нәтижелері ұсынылды

2021 жылғы 17 қараша.
"Jastar: ózekti másele" сараптама алаңының отырысы барысында "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы суицидтің алдын алу шараларын іске асырудағы бірқатар проблемалық мәселелерді белгілей отырып, "Жастар арасында суицидтің проблемасы және алдын алу" сараптамалық сауалнамасының нәтижелерімен таныстырды. Жалпы, сараптамалық кездесу жастардың психикалық денсаулығы мәселелерін талқылауға арналды.
Әлеуметтанушылар, ғалымдар, Мәжіліс депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрліктерінің, сондай-ақ бейіндік ҮЕҰ өкілдері өз пікірлерімен және өзекті ақпараттарымен бөлісті. Мәселен, "Jastar: ózekti másele" қатысушылары суицидтің алдын алу мәселелері бойынша практикалық ұсыныстар ұсынды. Олардың пікірінше, суицидке зейін қоюдан жастар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы мен әл-ауқатына назар аударуға, әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көшу қажет.
ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов психикалық және физикалық денсаулық тұрғысынан жастар пандемиядан зардап шеккендердің қатарында екенін атап өтті.
Өз кезегінде, ҮЕҰ өкілдері Қазақстанның кейбір өңірлерінде суицидтің алдын алу жөніндегі бағдарламаны іске асыру тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, офлайн және онлайн форматта өтті.