Сарапшылар "Отбасылық тәрбиедегі әкенің рөлі" тақырыбын талқылады

Сарапшылар "Отбасылық тәрбиедегі әкенің рөлі" тақырыбын талқылады

Бүгін Халықаралық Әкелер күні қарсаңында онлайн форматта "Отбасылық тәрбиедегі әкенің рөлі" тақырыбында диалог алаңы өтті.
Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, мемлекеттік органдардың, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, Қазақстандағы БҰҰ, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар және басқалар қатысты.
Қатысушылар ата-аналар мен мұғалімдердің интернет әсерінен балаларды қорғау саласындағы білімдерін арттыру, "Саналы әке" жобасын іске асыру, ер адамдарды балаларды тәрбиелеуде тартуға қатысты ұсыныстарды ілгерілету және т. б. мәселелер бойынша пікірлерімен бөлісті.

ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.Байманов отбасылық қатынастарды нығайту, әке болу институты, жастарды қолдау және отбасылық саясат саласындағы гранттық жобаларды іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Ол атап өткендей, өңірлерде "Үздік әке", "Ең жақсы әке", "Әкешім – асқар тауым" атты 150-ге жуық іс-шаралар, конкурстар, акциялар, челлендждер, #меніңәкемеңмықты, #меніңтатуотбасым, #моядружнаясемья, #деньотца, "Әке отбасының тірегі" онлайн-конференциялары өтіп, онлайн-концерттер және басқалары БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланады. Бұдан басқа, ұсынылған барлық бастамалар отбасы институтын нығайту жөніндегі жобаларды әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Әкелер күні әлемнің көптеген елдерінде маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.