А. Балаева Президенттік Жастар кадрлық резерві форумының қатысушыларымен кездесті

А. Балаева Президенттік Жастар кадрлық резерві форумының қатысушыларымен кездесті

Бүгін Нұр-Сұлтанда Халықаралық қаржы орталығының алаңында Президенттік Жастар кадрлық резервінің бейресми форумы өтті.

Форумға Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, мемлекеттік органдардың басшылығы, Парламент депутаттары қатысты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева сөз сөйлеу барысында мемлекеттік басқарушылардың жаңа буыны міндеттерді екпінді өзгеріп отыратын жағдайларда шешетін болады деп атап өтті.

А.Балаева: "Пандемия кезінде сенімді және кәсіби ақпаратты бере отырып, қоғамда тұрақтылықты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрдік.

Біз көптеген фейктерді көрдік, қоғамда түсініспеушілік болды. Өлім деңгейі жоғары болса да, адамдар вирус бар, вирус қауіпті екендігіне сенбеді. Әрине, мұнда ақпаратты кәсіби түрде беру маңызды болды".

Министр сенімді ақпаратқа негізделген қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал ететін салалық журналистиканы дамытудың өзектілігі туралы айтты.

"Министрлік 2020 жылы журналистиканы дамыту бойынша арнайы жоспар қабылдады, онда журналистерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылған. Салалық журналистиканың қаншалықты маңызды екенін көрдік. Осыған байланысты біздің министрлік меморандумдарға қол қойды, түрлі салалар бойынша журналистерді даярлауға бағытталған нақты семинарлар өтуде. Бірінші кезекте бұл медицина", - деді министр.

Сонымен қатар, А.Балаева Министрліктің жобасы болып табылатын Stopfake.kz жалған ақпаратпен күрес жөніндегі сайтын Президенттік кадр резервінің өкілі жүргізетінін атап өтті.

Аида Балаева Президенттік резерв мүшелеріне жұмыста табыс тілей отыра, "Жаңа жағдайда қандай да бір саланы жетілдіруге түрткі және серпін болуы мүмкін басты жобалар біз үшін өте маңызды. Сондықтан, мен сіздерді ынтымақтастыққа шақырамын", - деді .