«Киелі Табиғат» республикалық жастар экологиялық акциясы жалғасуда

«Киелі Табиғат» республикалық жастар экологиялық акциясы жалғасуда

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында және Қазақстан өңірлерінде жастарды экологиялық ағартуға, экологиялық сана мен мәдениет деңгейін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігі туралы жастар арасында тұрақты нанымды қалыптастыруға, әрбір елді мекенде экологиялық қоғамдастықтар құруға бағытталған «Киелі табиғат»республикалық экологиялық айлығы жалғасуда.

Бүгінгі экоакция Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылды.

Іс-шараға экобелсенділер, «Жас Ұлан»республикалық жастар ұйымының және олардың өңірлік филиалдарының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, аталған акцияға еліміздің барлық өңірлерінен жастар ұйымдарының өкілдері қосылды.