Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Қазақстанның барлық аймағынан ЖРО өкілдерінің қатысуымен Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің онлайн отырысы өтті
Іс-шараны ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Кеңесте NEET санатындағы жастарды өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға бағытталған ЖРО қызметіндегі тәсілдерді жетілдіру мәселелері талқыланды.
Талқылау барысында ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов қатысушыларды NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі республикалық жобалық кеңсенің іске қосылғаны, "Тәуелсіздік ұрпақтары" ұлттық жобасын әзірлеу және мақсаты өнімді жұмыспен қамту және білім беру процесіне тартылмаған жастарды әлеуметтендіру бойынша жұмыс болып табылатын жастарды дамыту индексі туралы хабардар етті.
"Жастар" ҒЗО директоры Аян Сакошев NEET санатындағы жастардың әлеуметтік ұстанымдары туралы зерттеу нәтижелерін ұсынды. Өз сөзінде ол NEET-жастар сияқты әлеуметтік қабаттың қалыптасуының негізгі себептеріне және оны әлеуметтендіру бойынша жұмыс әдістеріне назар аударды.
Үйлестіру кеңесінің отырысында NEET санатындағы жастармен жұмыс істеудің өңірлік тәжірибесі ұсынылды. Атап айтқанда, Жамбыл облысы ЖРО директоры Айбек Таутен NEET жастармен жұмыс жасау бөлімдерін құру тәжірибесімен бөлісті.
Өз кезегінде, ЮНИСЕФ-тің жасөспірімдер және жастарды дамыту жөніндегі бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадырова жастар арасындағы "soft skills" даму моделін ҰСО-ның практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, NEET санатындағы жастармен жұмыс тәсілдерін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.
ЖРО дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі - "Жастар" ҒЗО жанындағы тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық алаң, олардың қызметінің тиімділігін және жастардың жұмыстың негізгі бағыттары туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында ЖРО әдістемелік және практикалық қолдауды жүзеге асырады.