ТМД–ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің отырысы өтті

ТМД–ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің отырысы өтті

2021 жылғы 29-30 сәуірде Ташкентте (Өзбекстан) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Іс–шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2005 жылғы жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімін іске асыру шеңберінде өтті.
Қазақстан делегациясының басшысы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов өз сөзінде ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары шеңберінде 2021 жылға арналған жаңа бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарды атап өтті. Бұл шаралар жастар саясаты саласындағы халықаралық және аймақаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, вице-министр отырысқа қатысушылардың назарын пандемия кезеңінде ТМД–ға қатысушы мемлекеттердің жастар қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының өзара іс-қимылының тиімді нысандарын дамытуға аударды.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруда жан-жақты табысты көмек көрсетіп келе жатқанын атап өткен жөн.
Кеңес отырысы барысында БҰҰ–ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) және "ТМД жастар астанасы" мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, сондай-ақ пандемия жағдайында жастар саласындағы қызметті ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Кеңес қызметінің 15 жылдығына арналған іс-шараларды талқылады және жобаларды іске асыруды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Кеңеске қатысушы елдердің өкілдері жастар ұйымдарын БҰҰ ТДМ бойынша бағдарламаларды іске асыру мақсатында ынтымақтастықты күшейтуге шақырды.

Анықтама ретінде:
ТМД–ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімін іске асыру үшін құрылды.
Кеңес құрамына 9 ел кіреді: Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Молдова және Армения.