NEET санатындағы жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін үйрету

NEET санатындағы жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін үйрету

Соңғы статистика деректеріне сәйкес, Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,9%-ды құрайды. Бұл оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастар.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен "NEET: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер" атты үш күндік оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты: аймақтық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерін осы санаттағы жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне үйрету.
Ұлттық статистика бюросының, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының тәжірибелі сарапшылары NEET санатындағы жастарды есептеу әдістемесін жаңарту мәселелерін айтып берді.
Спикерлер әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратпен бөлісіп, шетелдің үздік тәжірибелерін талқылады.
Қатысушылар аталған тақырыпты зерттеуде жаңа тәсілдер мен әдістемелерді енгізудің өзектілігін атап өтті.