Қызылорда облысында ҚР АҚДМ стратегиялық сессиясы өтті

Қызылорда облысында ҚР АҚДМ стратегиялық сессиясы өтті

Министрліктің Қызылорда облысындағы Стратегиялық сессиясының басты тақырыптары – азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу, этносаралық және конфессияаралық келісім, жастар және отбасы, сондай-ақ БАҚ салаларын дамыту.
Бүгін, 22 ақпанда, Қызылорда облысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің күні өтті.
Стратегиялық сессия ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов пен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет қатысқан кездесуден басталды.
Олар күн тәртібін сөзге алып, cоған сәйкес 11 кездесу, семинарлар, панельдік сессиялар және өзекті мәселелер бойынша талқылаулардың тақырыптарын белгіледі.
Қостанай облысындағы АҚДМ іс-шараларына 350-ге жуық адам қатысты, онда телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын пайдалану бөлігіндегі «Қазтелеадио» АҚ қызметі; дінтану сараптамасын жүргізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру, этносаралық қатынастарды дамыту бойынша әдістемелік қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдардың ақпаратына қол жеткізу, салалық журналистиканы дамыту және басқа да өзекті сұрақтар көтерілді.
Естеріңізге сала кетейік, өңірлердегі АҚДМ күндерінің негізгі міндеті – өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылау және түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өңірлік жұртшылық өкілдерінің сындарлы диалогын құру, Министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша стратегиялық жұмыста жергілікті ерекшеліктерді ескеру.
Ведомство қызметкерлері Қызылорда облысының жұртшылығын толғандыратын бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.
Өткен іс-шаралар кезінде айтылған барлық ұсыныстар одан әрі жұмысты орталық, сондай-ақ өңірлік және жергілікті деңгейлерде жетілдіру кезінде ескерілетін болады.
Айта кетейік, ел өңірлеріндегі «Министрлік күндері» Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.