YPAC 2025: Жас саяси кеңесшілерге арналған интенсивті курс басталды

YPAC 2025: Жас саяси кеңесшілерге арналған интенсивті курс басталды

Бүгін Астанада жас саяси кеңесшілерге арналған үш күндік интенсивті курс  басталды (Young Policy Advisers Course, YPAC 2025). Курс ЕҚЫҚ Астанадағы Бағдарламалар офисі және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің бірлескен ұйымдастыруымен өтуде.

Курс жас мамандардың стратегиялық ойлау, саясатты талдау, коммуникация және цифрлық ортада жұмыс істеу саласындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған.

Қатысушылар стратегияларды жобалар арқылы қалай жүзеге асыруға болатынын талқылап, жобалық тәсілдің негіздерін үйренді, мақсаттар мен нәтижелерді қалыптастыруды меңгерді. Практикалық топтық жұмыстар барысында тәуекелдерді талдап, негізгі көрсеткіштер, жұмыс құрылымы және шағын жобаларды қысқаша презентациямен көрсетті.

Сондай-ақ бағдарламада аналитикалық, презентациялық және коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған сабақтар қарастырылған. Курстың соңғы күні қатысушыларға сертификаттар табысталады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі