Оралда Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында жастар-волонтерлік форумы өтіп жатыр

Оралда Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында жастар-волонтерлік форумы өтіп жатыр

Оралда Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі күндік жастар-волонтерлік форумы басталды. Іс-шараның ашылу рәсіміне екі елдің мемлекеттік органдар өкілдері, іскерлік қауымдастық мүшелері және белсенді азаматтар қатысты.

Форумда екі секциялық семинар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, «Жұмысшы мамандықтар: жастарға несімен қызық және оның қазіргі үрдістері», «Волонтерлік қызмет саласындағы тәжірибе алмасу: «Тату көршілік» атты жиындар өтеді. Отырыс барысында еңбек нарығындағы үрдістер, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру жолдары, экологиялық жауапкершілік және волонтерлік мәдениетті дамытудың тиімді тәсілдері талқыланады.

Сонымен қатар жастар саясаты бойынша жобаларды қарастыруға арналған жиын жоспарланған.

Форум қоғамның әрбір саласында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және ортақ жауапкершілікті арттыруға үлес қосады.

Сонымен қатар аталмыш іс-шара аймақтық және шекаралық ынтымақтастықтың жаңа форматын дамыту, заманауи сын-қатерлерге ортақ жауап табу және ортақ құндылықтар негізінде тұрақты даму бағытын айқындайтын платформаға айналмақ.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі