Алматыда түркі елдерінің жастары жиналған КТК ойыны өтті

Алматыда түркі елдерінің жастары жиналған КТК ойыны өтті

Алматыда «Түркі әлемінің жастар астанасы – Алматы» халықаралық жобасының аясында TurkiCUP атты халықаралық КТК ойыны өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның командалары қатысты.

Жобаның басты мақсаты – түркітілдес елдердің жастары арасындағы достықты нығайту, мәдени және шығармашылық байланыстарды дамыту, сондай-ақ «Жайдарман» жобасын халықаралық деңгейге шығару.

Нәтижесінде бірінші орынды Рудный қаласынан келген қазақстандық команда жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды Қырғызстан мен Түркия құрамалары иеленді.

Ойынның жалпы жүлде қоры –  3 миллион теңге.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі