Қазақстан делегациясы ЕАЭО және ТМД-ның III Жастар форумына қатысты

Қазақстан делегациясы ЕАЭО және ТМД-ның III Жастар форумына қатысты

Қазақстандық делегация 1–3 қазан аралығында Минскіде өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің III Жастар форумы жұмысына қатысты.

Форумға ТМД мен ЕАЭО-ға мүше барлық елдерден келген белсенді жастар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері жиналды. Қазақстан атынан студенттік жастар қозғалысының  көшбасшылары сөз сөйледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – түрлі мемлекет жастары  арасындағы диалогты дамыту, өзара түсіністікті нығайту және қазіргі заманның өзекті сын-қатерлеріне бірлесіп шешім іздеу.

Форум бағдарламасында панельдік сессиялар, стратегиялық пікірталастар, интеграцияның болашағына арналған форсайт-трек, сондай-ақ мәдени іс-шаралар мен бейресми кездесулер болды.

Форум қорытындысы бойынша мәдениет, білім, ғылым және инновация саласында жастар ынтымақтастығын одан әрі дамытуға арналған бірлескен бастамалар мен ұсынымдар әзірленбек.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі