Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жастар саясаты
06 февраля 2026
Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен жастардың рөлі талқыланды

Ақмола облысының Қосшы қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы және кешенді реформалар» тақырыбында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сараптамалық кездесуі өтті.

Жиынға ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары, Қосшы қаласы әкімдігі, жастар ресурстық орталықтары, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, волонтерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Кездесу барысында депутаттар, зерттеу институттарының басшылары, заңгерлер жастармен пікір алмасып, конституциялық өзгерістердің мазмұны мен елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін маңызы туралы айтылды.

Жиын жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талдауға, мемлекеттің неғұрлым әділ, құқықтық және адамдарға бағдарланған моделіне көшуді көрсететін жүйелі реформаларды талқылауға, сондай-ақ шешімдер қабылдау үдерістеріндегі және қоғамдық диалог институттарын дамытудағы жастардың рөлін талқылауға бағытталды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Жастар саясаты
29 января 2026
JastarX диалог алаңында парламенттік реформа жайы талқыланды

К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы JastarX диалог алаңында отырыс ұйымдастырды.

Жиында саясат, құқық жəне қоғамдық даму саласындағы сарапшылар сөз сөйледі. Олар парламенттік реформа және жастардың мемлекеттік процестерге қатысуы туралы мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы қоғам мен жастарды толғандыратын өзекті және маңызды мәселелер бойынша еркін әрі ашық диалог форматындағы жаңа JastarX сараптамалық алаңын іске қосты.

Сараптамалық алаңның мақсаты – мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы және жастар арасындағы байланысты нығайтып, жастардың пікірін ескере отырып, өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ету, сондай-ақ азаматтық белсенділік пен жастардың қоғамдық өмірге белсене қатысуын арттыру.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жастар саясаты
22 января 2026
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025: Аида Балаева жеңімпаздарды марапаттады

Бүгін Астанада биылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Елдің түкпір-түкпірінен бизнес, ғылым, мәдениет, медиа, ақпараттық технологиялар және волонтерлік саладағы отыз үздік жобаның иелері елордаға жиналды. Әр жеңімпазға 3 миллион теңге көлемінде грант сертификаты табысталды.

Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады. Ол жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, барлық бастамалар жас ұрпақтың болашағы үшін жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

«Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы ел дамуының алдағы бағытын айқындап, жаңа кезеңнің стратегиялық міндеттерін нақтылап берді. Қазіргі қабылданып жатқан шешімдер мен жүзеге асып жатқан реформалар жастарға сапалы білім алып, өз әлеуетін толық іске асыруға, бәсекеге қабілетті, саналы азамат болып қалыптасуына мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тарихи кезең – тек өзгерістер уақыты ғана емес, болашаққа деген сенімді нығайтатын, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды дәуір деп айтуға толық негіз бар», – деп атап өтті вице-министр.

Аида Балаева жеңімпаздарды құттықтап, жаңа бастамаларына табыс тіледі. Сондай-ақ ол жастарды ынталандыру мен қолдауға бағытталған басқа да жобалар туралы айтты. Олардың қатарында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы, жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттің арнайы әдеби сыйлығы, журналистерге арналған «Үркер», «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы бар.

Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Мемлекет басшысының бастамасымен дарынды әрі болашағынан үміт күттіретін жастарды қолдау мақсатында 2021 жылы құрылған. Осы уақытқа дейін аталған грант 123 қазақстандықтың идеясын іске асыруға және дамытуға мүмкіндік берді.

Биыл конкурсқа 6 бағыт бойынша 1700 өтінім келіп түсті, оның 1622-сі қабылданды. Олардың қатарында Қазақстанның мәдени мұрасын мен ұлттық дәстүрлерді насихаттауға, мәдениет пен өнерді дамытуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге, IT және волонтерлік саладағы стартаптарға, сондай-ақ креативті бизнес-идеяларға бағытталған жобалар бар.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жастар саясаты
16 января 2026
Грант иегері: «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобаны мектеп деңгейінен де ауқымды етуге мүмкіндік берді

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының кезекті жеңімпазы – NIS IB мектебінің оқушысы әрі ең жас грант иегерлері Асанәлі Шоманов. Ол сыныптастарымен бірге мектеп бағдарламасындағы қиын тақырыптарды қысқа әрі түсінікті форматта меңгеруге арналған ойын қосымшасын әзірледі. Платформа «ASpan» деп аталды.

Жоба Асанәлінің мектебінде тез таралды. Ол «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алғаннан кейін жобаны жетілдіріп, жаңа деңгейге көтерді. Бөлінген қаражатқа қажетті есептеу құрылғылары, жабдықтар мен жобаны таратуға арналған құралдар сатып алынды. Нәтижесінде «AspanX» қосымшасының алғашқы нұсқасы App Store платформасында жарық көрді.

«Президент Turkistan газетіне берген сұхбатында «Еліміздің болашағы – дарынды, бастамашыл әрі отаншыл жастардың қолында» деп атап өтті. Әрине, біз осы сенімді ақтағымыз келеді. Мемлекеттің қолдауына алғысым шексіз. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жобаның дамуына және мектеп деңгейінен де ауқымды етуге мүмкіндік берді», – деді жас жеңімпаз.

«ASpan» платформасы тек мектеп бағдарламасын ғана қамтып қоймай, қаржы, өнер, салауатты өмір салты сияқты басқа да тақырыптар бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Ал ойын форматы оқуышының қызығушылығын арттырып, білім алуға ынталандырады. Әрбір материал небәрі бірнеше минутқа есептелген.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жоба Бішкек қаласында өткен жастар форумында және «ТМД-ға арналған 100 идея» байқауында таныстырылып, «Білім беру» номинациясы бойынша жеңіске жетті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жастар саясаты
31 декабря 2025
«Мейірімді Қазақстан» әлеуметтік акциясына 10 мыңға жуық адам қатысты

Қазақстанда «Мейірімді Қазақстан» әлеуметтік акциясы өз мәресіне жетті. Бұл бастама қоғамдағы қолдау мәдениетін нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және жастарды игі істерге тартуға бағытталды.

Он күн бойы еліміздің барлық өңірінде жастар ұйымдары мен волонтерлер қайырымдылық іс-шараларын өткізді.

Акцияның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналды. Атап айтсақ, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету, қарттар үйі мен балалар үйіне қолдау білдіру, медициналық мекемелерде донорлық акциялар ұйымдастыру, аз қамтылған отбасыларға көмек беру, сондай-ақ коммуналдық қызмет саласы қызметкерлерін қолдау бойынша жобалар жүзеге асты.

Іс-шараға жалпы 10 мыңға жуық қазақстандық қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Отбасылық саясат
25 декабря 2025
«Ардагер өсиеті» марафонының қорытындысы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналды

Астана қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафонының жабылу салтанаты өтті. Тағылымды іс-шара Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналды.

Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері және өзге де қонақтар қатысты.
«Ардагер өсиеті» марафоны 25 маусым мен 24 қыркүйек аралығында өтіп, еліміздің барлық 20 өңірін қамтыды.

Төрт ай бойы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өсиет-хаттары жинақталды. Бастаманың мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, тарихи құндылықтарды сақтау және насихаттау.

Марафон қорытындысы бойынша ардагерлермен түскен естелік фотосуреттер мен бар ақпарат «Батырларға тағзым» порталына жүктеліп, өсиет хат Әскери-тарихи музей қорына табысталды.

Сондай-ақ «Ел үшін туған ердің ізі» атты көрме мен ерлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында музейдің ғылыми қызметкерлері Бауыржан Момышұлының ерлігі мен соғыстан кейінгі өмірі туралы ғылыми баяндамалар жасады. Бұдан бөлек, Б. Момышұлына арналған арнайы экспозиция және жасанды интеллект технологиясы арқылы батырдың дауысы қолданылған аудиоспектакль ұсынылды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейімен бірлесіп ұйымдастырды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жастар саясаты
23 декабря 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпазы: Жастардың өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндіктер мол

Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының былтырғы жеңімпаздарының бірі – А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы Ерназар Ғимарат.

2023 жылы Ерназар Ғимарат Алматы қаласында алғаш рет Kazakh Piano Fest халықаралық фортепиано музыка фестивалін өткізді. Фестиваль қазақстандық фортепиано мектебін түркі және әлемдік музыкалық кеңістікте танытуға бағытталған. Аталған іс-шара көпшіліктің көңілінен шықты. Осыған орай өткен жылы музыкант «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына «Мәдениет» номинациясы бойынша өз жобасын ұсынды. Бастама қолдау тауып, биыл мемлекеттік қолдаудың арқасында Ерназар Ғимарат II Kazakh Piano Fest фестивалін ұйымдастырды.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты үшін Президентке шынайы алғысымды білдіремін. Бұл – мәдениет, ғылым, білім және шығармашылық салалардағы дарынды жастарды қолдауға арналған маңызды қадам. Осындай бағдарламалардың арқасында жастар өз идеяларын жүзеге асырып, әлеуетін дамытуға және еліміздің болашағына нақты үлес қоса алады. Бүгінгі таланттарды қолдау – Қазақстанның ертеңіне салынған инвестиция», – деді грант иегері.

Фестивальге жетекші пианистер мен педагогтер, сондай-ақ республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанған жас орындаушылар қатысты. Бағдарлама аясында танымал өнерпаздар мен жас пианистердің концерті, шеберлік сабақтары және пікірталас өтті.

Сонымен қатар фестиваль барысында «Ева Коганның репертуарындағы қазақстандық композиторлардың шығармалары» жинағының екінші томы таныстырылды.

Kazakh Piano Fest жобасы тек өнер мен музыканы дәріптеп қана қоймай, сонымен қатар маңызды ағартушылық миссияны да атқарады. Атап айтсақ, жас пианистер мен танымал музыканттарды қолдауды және қазақстандық фортепиано мектебін халықаралық деңгейде дамытуға сеп болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жастар саясаты
23 декабря 2025
Қазақстанда «Мейірімді Қазақстан» акциясы басталды: ел бойынша 10 күн бойы игі істер атқарылады

Қазақстанда «Мейірімді Қазақстан» әлеуметтік акциясы бастау алды. Бұл бастама өзара қолдау мәдениетін нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және жастарды игі істерге тартуға бағытталған.

Акция аясында еліміздің өңірлерінде жастар ұйымдары мен еріктілердің қатысуымен қайырымдылық және волонтерлік іс-шаралар кешені өткізіледі.

Акцияның он күні жеке-жеке тақырыптарға арналмақ. Атап айтқанда, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету, қарттар мен балалар үйлерін қолдау, медициналық мекемелерде донорлық акциялар өткізу, аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсету, сондай-ақ коммуналдық қызмет қызметкерлерін қолдауға бағытталған қоғамдық бастамалар жүзеге асырылады.

Бастама Шығыс Қазақстан облысындағы Жастар ресурстық орталығының алаңында басталды. Акция еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жастар саясаты
20 декабря 2025
2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегерлері

«Ғылым»

Өмірбаева Айжан Өмірбайқызы

Буйткенов Дастан Болатулы

Есенбекова Арайлым Есенбекқызы

Әйтім Әйгерім Қайратқызы

Кадыров Жандос Жанибекович

 

«Мәдениет»

Агаджанова Сагира Джилибековна

Багитжанова Айдана

Ержанқызы Жанерке

Уалиева Менсулу Егисовна

Базарова Райхан Уалиханқызы

 

«Ақпараттық технологиялар»

Мырзекенова Айнұр Тұрланқызы

Сарманов Муратбек Нуржигитович

Токпанова Асель Тынышбековна

Асылбек Осанна Ардаққызы

Бенсеитов Динар Ремзиевич

 

«Бизнес»

Гузова Вероника Сергеевна

Адиев Дулат Тимурович

Бусаханов Таңатар Сұлтанбайұлы

Имангалиева Нарминахон Толегеновна

Омышева Айгерим Батырбекқызы

 

«Медиа»

Айтбаева Жания Маратовна

ЭгамбердиеваАсель Рустемовна

Өскенбек Салтанат Мұратқызы

Улымканова Газиза Бериковна

Бекенов Тимур Муратович

 

«Волонтерлік»

Нургалиев Адинур Русланович

Нұрғалиева Шұғыла Бахытжанқызы

Әуесхан Ағарыс Қанатұлы

Сайлаухан Гауһар Тұрсынханқызы

Ултанбаев Арнат Бегдалиевич

 

Ескерту: грант иегерлерінің деректері жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес көрсетілген

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жастар саясаты
14 декабря 2025
Алматы облысында Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимараты ашылды

Алматы облысының Қарасай ауданында Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, белсенді жастар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Жалпы аумағы 1 000 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимаратта Мансап орталығының, «Отбасы банк» және Жастар денсаулығы орталығының мамандары орналасып, кешенді қызмет көрсету ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, орталықта әлеуметтік шеберхана жұмыс істейді. Мұнда тігіншілік пен киім үлгісін әзірлеу дағдыларын тегін меңгеруге болады. Аталған жоба жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына, қосымша табыс табуына және әлеуметтік тұрғыдан бейімделуіне бағытталған.

Бұдан бөлек, орталықта білім беру және мәдени бағыттағы іс-шаралар тегін өткізіледі. Жастар психологиялық және құқықтық көмек алып, жұмысқа орналасу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау бағдарламасына қатысу мәселелесі бойынша кеңес ала алады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты