Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Отбасылық саясат

Отбасылық саясат саласындағы анықтамалық ақпарат

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – АҚДМ) отбасы құндылықтарын нығайту, жас отбасыларды қолдау саласында, сондай-ақ, отбасылар жиі кездесетін проблемалы мәселелерді зерттеуде кешенді жұмысты жүргізеді.

Отбасы институтын нығайту, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптеу Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының негізгі басымдықтары болып табылады.

АҚДМ жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізеді, ол адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. 2014 жылдан бері конурсқа 20 мыңнан астам отбасы (2014 жылы – 1298,
2015 жылы – 2285, 2016 жылы – 2579, 2017 жылы – 2879, 2018 жылы – 2952,                                           2019 жылы – 3204, 2021 жылы – 2768, 2022 жылы – 2542) қатысқан.

Анықтама: Алматы обл. - 310, Жамбыл обл. - 247, Алматы қ. - 193, Қарағанды ​​обл. -192, ШҚО – 182, Қызылорда обл. - 178, Ақтөбе обл. - 157, Астана қ. - 151, Ақмола обл. - 132, БҚО - 130, Шымкент қ. - 128, Павлодар обл. - 118, Түркістан обл. - 116, Қостанай обл. - 108, Атырау обл. - 77, СҚО - 66, Маңғыстау обл. - 57.

Конкурста 20 лауреат-отбасы, түрлі кәсіптер мен еңбек әулеттерінің өкілдері, спорт және шығармашылық отбасылары жеңімпаз атанды.

Анықтама: Астана қ. – Сағитовтар, Алматы қ. – Кшкенебаевтар, Шымкент қ. – Жақыповтар, Ақмола обл. – Бөженовтер, Ақтөбе обл. – Оспановтар, Алматы обл. – Дәрібаевтар, Атырау обл. – Жаңабаевтар, ШҚО – Бозжігітовтер, Жамбыл обл. – Ержановтар, БҚО – Халықұлы, Қарағанды ​​обл. – Әлімбаевтар, Қызылорда обл. - Байжановтар, Қостанай обл. – Шәріповтер, Маңғыстау обл. – Себепбаевтар, Павлодар обл. – Мұхтаровтар, СҚО – Мұхиндер, Түркістан обл. – Құлбайымбетовтер, Абай обл. – Зәмзебаевтар, Жетісу обл. – Андас, Ұлытау обл. – Әйтеновтер.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіретін рухани-адамгершілік қағидасына негізделген және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді көздейтін отбасы құндылығын дәріптеп келеді. Барлық отбасының әрбір мүшесі – ауылдастарының, қала тұрғындарының, әріптестерінің, көрші-қолаңның құрметіне бөленген, Отанына адал қызмет етіп жүрген еңбек адамы, ауылдың, қаланың қарапайым еңбеккерлері.

Лауреат-отбасылар дипломдар және ерекшелік белгілері (мүсіншелер) тапсырылды. Марапаттау рәсімі қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.

АҚДМ-нің тапсырысы бойынша «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ-тың Отбасы институтын зерттеу орталығы «Қазақстандық отбасылар» Ұлттық баяндамасын әзірледі.

Зерттеудің мақсаты отбасы институты саласындағы негізгі проблемалар мен трендтерді анықтау және Қазақстан Республикасында отбасы саясатын жетілдіру үшін практикалық ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Ұлттық баяндама АҚДМ-нің https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/393813?lang=ru) және «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ-тың (https://ru.kipd.kz/wp-content/uploads/2023/01/nd_ks_ru.pdf) ресми интернет-ресурстарында орналастырылды.

Сонымен қатар, отбасы саясат бағыты бойынша жыл сайын гранттық жобалар жүзеге асырылуда. 2023 жылы келесі жобалардың жүзеге асырылуы жоспарланды:

- Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау арқылы жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту;

- Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты профилактикалау және агрессорлармен жұмыс;

- Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету;

- «Бақытты отбасы» отбасылық соттары жанындағы отбасын ресурстық қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру.

Одан басқа, жыл сайын зерттеулер жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, мүдделі ұйымдарға ұсынымдар әзірленеді және тақырыптық баяндамалар жарияланады.

2023 жылы Қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп, келесі тақырыптар бойынша зерттеулер жоспарланды:

1) «Қазақстан   Республикасындағы   отбасылық-тұрмыстық   зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» ұлттық баяндама;

2) «Қазақстандағы толық емес отбасылар» әлеуметтік зерттеу;

3) «Қазақстандық қоғамдағы кеш ана болу» талдамалы баяндама;

4) «Заманауи қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат» әлеуметтік зерттеу;

5) Отбасы институтын нығайту, әйелдердің, балалардың құқықтарын қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметіне функционалдық талдау жүргізу.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету мәселелерін шешудің негізгі шараларының бірі өңірлерде Отбасын қолдау орталықтарын ашу бойынша ЖАО-ны үйлестіру болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 30-тармағына сәйкес отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша баспана ұсыну бойынша Отбасын қолдау орталықтарын құру жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылы – 31 Отбасын қолдау орталығы ашылды. 2022 жылы – 37 Орталықтар. Бүгінгі күні Орталықтардың жалпы саны 68. 2025 жылға дейін 143 Орталықтың ашылуы жоспарлануда.

Отбасын қолдау орталықтары азаматтардың жекелеген санаттарына (көп балалы, мүгедек адамдарға, толық емес және аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға) «бір терезе» қағидаты бойынша консультациялық қызметтер кешенін ұсынады, психологиялық, әлеуметтік және заң көмегін, сондай-ақ отбасы институтын нығайтуға бағытталған жан-жақты қолдау көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша 2022 жылдың қорытындысы бойынша республикада отбасылық-тұрмыстық салада 938 құқық бұзушылық тіркелді (2021 жылы – 1043).

Ажырасулар санының жалпы төмендегеніне қарамастан (соңғы 4 жылда тіркелген ажырасулардың санының төмендегені байқалады. Егер, 2019 жылы бұл көрсеткіш 59 796 бірлікті құраса, 2022 жылы көрсеткіш 17 713 бірлікке дейін төмендеді немесе 19,3%), Қазақстан ажырасу коэффициенті жоғары 10 елдің қатарында болып отыр. Қазақстан ажырасу облысында – 2,56, бұл ауқымды орта ажырасу коэффициентінен жоғары, ол 1000 адамға 1,97 ажырасуды құрайды.

АҚДМ тұрақты түрде тәрбие және балалар құқығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша сарапшылармен, ҮЕҰ, ата-аналар бірлестіктерімен, оның ішінде «Әкелер одағы» РҚБ, «Ерекше балалардың ата-аналар одағы», ҚХА жанындағы аналар кеңесі  тұрақты түрде бірлесіп жұмыс істейді.

VII Республикалық әкелер форумында (14.12.2022 ж.) мемлекеттік органдар өкілдерінің мамандар және сарапшылардың қатысуымен балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша жеке сессиялар ұйымдастырылды (Сессиялар: «Ата-аналар көзімен инклюзия: ерекше балаларды қалай тәрбилеу керек?», «Балалардың хал-ахуалы және тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы»).

 

 

                

 

Документы
Ұсынымдар
14 апреля 2026
Мемлекеттік органдардың жария материалдарында гендерлік біржақты тұжырымдар мен визуалды бейнелерді пайдалану мәселелері бойынша ұсынымдар
Хаттама
29 декабря 2023
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қаржыландыратын 2023 жылы іске асырылатын мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның отырысы 2023 жылғы 29 желтоқсандағы хаттамасы
Басқа
21 августа 2023
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Новости
Полезные материалы
Отбасылық саясат
Медиагалерея
1
Қыз болашағы
0
Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Отбасылық түсініспеушілік және тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда консультация алу мақсатында қайда жүгінуге болады?
  1. Сіз Балаларға, жастарға және зорлық-зомбылық көрген адамдарға арналған №150 ұлттық бірыңғай сенім телефонына тегін қоңырау шалып, мамандар мен психологтардан кеңес ала аласыз. Сізге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп, участкелік инспекторлардың, дағдарыс орталықтарының және басқа да қажетті ұйымдардың байланыс телефондары беріледі. Хабарласудың жасырын және құпия болуына кепілдік беріледі.
  1. Аймақтардың барлығында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда осы орталықтардан баспана сұрай аласыз. Қосымша кеңес қажет болған жағдайда аймақтағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияларға хабарласуға болады.

Ұйымдардың байланыс телефондары келесі сілтемеде (сілтеме)

Жастарды отбасылық өмірге дайындау және жас отбасыларды қолдауға арналған қандай іс-шаралар жүзеге асырылады?

Отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайтуға көмек көрсету мақсатында жастар арасында келесі іс-шаралардан тұратын жоба іске асырылуда:

- білікті жаттықтырушыларды, медиаторларды, психологтарды және басқа да мамандарды шақырумен ЖОО базасында жастарға арналған психологиялық оқыту тренингтері;

- білікті жаттықтырушыларды, медиаторларды, психологтарды және басқа да мамандарды шақырумен Қазақстанның «тәуекелді аймақтарында» ажырасу шегіне жеткен жас отбасы мүшелеріне арналған оқыту тренингтері;

- отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер туралы 5 вирустық бейнеролик дайындау;

- қазақстандық отбасы саясатының негізгі бағыттары туралы инфографика дайындау;

- Нұр-Сұлтан қ. «Жас отбасылар фестивалі»;

- «Менің отбасым», «Мен отбасымды сүйемін» акциялары;

- Ұлттық және Халықаралық отбасы күніне арналған әлеуметтік желілерде 17 фотокөрме және 17 флешмоб;

- отбасылық құндылықтар туралы бейнесюжеттер дайындау.

Толық ақпаратты 8 (7172) 74-03-97 телефоны арқылы немесе a.kalikanova@qogam.gov.kz email-не жазу арқылы алуға болады.

Отбасы саясаты саласында қандай зерттеулер жүргізіледі?

ҚҚДИ «Рухани Жаңғыру» Отбасы институтын зерттеу орталығы отбасы саясат саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша бірқатар қызметтерді жүзеге асыруда:

1)       «Қазақстандық отбасылар-2020» ұлттық баяндамасы;

2)       Қазақстандық көп балалы отбасылардың жағдайы мен дамуын зерделеу бойынша талдамалық есеп (төрт және одан жоғары бала);

3)       Гендерлік стереотиптерді кинода бейнелеудің дұрыс тәсілдерін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар;

4)       «Ерте неке» тақырыбына әлеуметтік зерттеу;

5)       «Қазақстандық отбасыларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларының тиімділігі» тақырыбына талдамалық баяндама;

6)       Қазақстанда отбасының әл-ауқаты индексін есептеу әдістемесі;

7)       «Отбасылық-демографиялық саясат» талдамалы баяндамасы.

Толық ақпаратты 8 (7172) 74-01-62 телефоны арқылы немесе a.belkairov@qogam.gov.kz email-не жазу арқылы алуға болады.

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты