Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге 212 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге 212 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Бүгін су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша ҚХА республикалық және өңірлік штабтарының онлайн-отырысы өтті. Іс-шара барысында ҚХА өңірлік штабтарының жұмысын үйлестіру мәселелері және «Жүректен жүрекке» арнайы жобасының жүзеге асу барысы қаралды.

Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге ҚХА-нан 9,8 мыңнан астам волонтер жұмылдырылды. ҚХА мүшелері және этномәдени бірлестік өкілдері зардап шеккен өңірлерге 212,3 тонна азық-түлік пен ең қажет тауарларды, сондай-ақ 253 млн теңгеден астам сомада қаржылық көмек жіберді.

Әр аймақтағы Достық үйлерінде волонтерлік орталықтар мен гуманитарлық көмекті қабылдау пункттері ұйымдастырылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі