«Мың бала» жобасы қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті

«Мың бала» жобасы қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті

Бүгін Астанада «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Ұйымдастырушылар - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы.
«Мың бала» жобасының мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын, әртүрлі этникалық топтардың жастарын мемлекеттік тілді оқытуда қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға үлес қосу.

Жиын барысында Ақпарат және қоғамдық даму министр Д.Қыдырәлі: "Мемлекет басшысы атап өткендей, қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді, аталған салада айтарлықтай нәтижелер бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылым, мәдениет пен іс жүргізу тіліне айналып отыр. Осы орайда "Ел бірлігі" акциясы аясында Ассамблея жастары Тик ток хаус жобасына белсенді қатысып жатыр", - деді.

"Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы 2015 жылдан бастап іске асырылуда.

2015 – 2022 жылдар аралығында жоба аясынла барлығы 107 054 іс-шара ұйымдастырылған. Биыл мыңға жуық бала қатысып, олардың 43-і жеңімпаз атанып, әр түрлі номинациялар бойынша марапатқа ие болды.