«Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы» РҚБ-ның кеңейтілген отырысы өтті

«Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы» РҚБ-ның кеңейтілген отырысы өтті
Қауымдастық бүгінгі күні ҚХА-ның 42 өңірлік кафедрасын біріктіреді және жалпы қазақстандық бірегейлікті дамыту және нығайту саласындағы оқу бағдарламаларын дайындауға жәрдемдесу бойынша оқу-әдістемелік орталық болып табылады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – ЕҰУ ҚХА кафедрасы және «Шаңырақ «Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы» РҚБ Кеңесі.
Іс-шара онлайн және офлайн форматта өтті. Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР АҚДМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Д.Мыңбай, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин т.б. қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар «Шаңырақ» РҚБ дамуының басым бағыттарын талқылап, одан арғы ынтымақтастық туралы келісімге келді.