Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің мерекесіне орай этносаралық қатынастар саласындағы журналистер марапатталды

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің мерекесіне орай этносаралық қатынастар саласындағы журналистер марапатталды

ҚР АҚДМ 2022 жылғы 28 маусымда байланыс және ақпарат қызметкерлерінің  кәсіби мерекесіне орай этносаралық қатынастар саласындағы қызметкерлерді Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғыс хатымен марапаттады.

 Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С. Егізбаев, АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғ. Құсманғали және этносаралық қатынастар саласындағы журналистер қатысты.

Серік Рахметоллаұлы Егізбаев өз сөзінде халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелерін бүгінгі мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздегі этносаралық қатынастарды нығайту және татулық пен келісімді арттыру мақсатындағы Министрліктің бастамалары мен жобаларын жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін зор ризашылығын білдірді.

«Қазіргі уақытта журналистерге жүктелетін міндет пен жауапкершіліктің жүгі оңай емес. Ақпаратты дер кезінде, толыққанды бере білуде, қоғамдық пікір қалыптастыруда, татулық пен бірлік идеясы аясына ұлтты ұйыстыра білуде, мемлекеттік саясаттың сан қырын дұрыс талдай білуде журналистердің шеберлігі, олардың нәзік те қарымды қаламы өте маңызды»,- деп атап көрсетті вице-министр.