Вице-министр С.Егізбаев ЕҰУ магистранттары және докторанттарымен кездесті

Вице-министр С.Егізбаев ЕҰУ магистранттары және докторанттарымен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Р.Егізбаев Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранттары және докторанттарымен кездесті. 

Шараға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғ.Құсманғали, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Этносаясат» білім беру бағдарламасының саясаттанушылары, профессорлар, магистранттар мен докторанттар қатысты. Сондай-ақ, ZOOM арқылы ғалымдар, сарапшылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қосылды.

Күн тәртібінде этносаясат саласының магистранттары және докторанттарымен өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ этносаралық шиеленістер және оларды реттеу технологиялары, халықаралық этносаяси процестер тақырыптары талқыланды. 

 

Кездесу барысында этносаралық қатынастар саласындағы өзекті тақырыптар, атап айтқанда, сарапшы-саясаттанушылардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының этносаралық қатынастар процесіне қатысуы, мемлекеттік этносаясатты іске асыру мәселелерінде ғылыми тәсілдерді қолдану сұрақтары көтерілді. 

 

Бұдан басқа, жиын барысында Министрлікте, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында докторанттар мен магистранттардың тағылымдамадан өтуі, далалық зерттеуге шығу мүмкіндіктерін қарау мәселелері қарастырылды.

Талқылау барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған әлеуметтік және азаматтық бастамаларды дамыту бойынша халықпен өзара жұмысты жандандыру және бұл процеске түрлі әлеуметтік топтарды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту қажеттігі атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар ағымдағы жылға арналған жоспарларды талқылай отырып, мұндай іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып тұру қажет деген ортақ пікірге келді.