ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өтті

ҚР Президентінің  тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өтті

А.ж. 20 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 29 сәуірде ҚХА-ның ХХХІ сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңейтілген кеңесін өткізді.

Кеңеске ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ басшылары және т.б. қатысты.

Кеңес барысында М.Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы 29 сәуірде ҚХА-ның XXXI сессиясында берген тапсырмаларына егжей-тегжейлі тоқталды.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы айтқан саяси реформаларды жүзеге асыруда барлық қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін, көзделіп отырған конституциялық реформалар туралы айтып өтіп, сонымен қатар этносаралық қатынастар саласын дамытудың басымдықтарын белгіледі.

Сондай-ақ, кеңесте Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының, «Возрождение» немістер мәдени орталығының, Нұр-Сұлтан қалалық ҚХА Аналар кеңесінің және Қарағанды облыстық «Ассамблея жастары» филиалының басшылары сөз сөйледі.

Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар, сондай-ақ этномәдени бірлестіктерге ұсынымдар берілді.